Шымкентте мінезі шәлкес кісі оқ атты

338

Шымкентте атыс болды. Келеңсіз оқиға шамамен күндізгі сағат 15:00-де орын алды.

Шымкентте атыс болдыАнық болғаны, оқ «Яссауи» тұрғын үй кешенінің 11-қабатында атылған. Оқиға орнына келген полицейлер оқты орта жастағы ер адамның атқанын анықтады. Одан екі тапаншасы мен тегіс ұңғылы қару тәркіленді.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, сол пәтерде тұратын ер кісінің мінезі шәлкес көрінеді. Оның тәртібі күмән туғызады екен.

Абырой болғанда атылған оқтан жарақат алған адам жоқ. Инспекторлар пәтерде терезелер сынғанын анықтады.