//
Бәйдібек ауданында мал ұрылары ұсталды Жаңалықтар 

Шымкентте пәтер ұрылары ұсталды

Шымкент қаласының полицейлері пәтер ұрлығына қатысты қылмысты ашты. Әл Фараби полиция бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын арызданып келеді.

Бәйдібек ауданында мал ұрылары ұсталдыОл өз арызында белгісіз біреулер пластикалық терезесін бұзып ашып, үйіндегі ақша сақтаулы сейфін алып кеткенін айтқан. Ал сейфтің ішінде 30 мың АҚШ доллары бар екен.

Шұғыл қызметкерлер жедел іздестіру барысында 1991 және 1993 жылы туған қала тұрғындарын ұстады. Олар бұған дейін сотты болған. Тергеушілердің мәліметінше, күдіктілердің кемінде екі ұрлыққа қатысы бар.

Нақты айтқанда, жоғарыда аталған қылмыстан бөлек олар наурыз айының соңында дәл осындай жолмен 35 жастағы Шымкент тұрғынының үйіне кіріп, алтын бұйымдары мен екі аңшы мылтығын ұрлап кеткен.

Ұрланған затты күдіктілер өз қажеттілігіне жаратқан, ал екі аңшы мылтығы айғақ зат ретінде тәркіленіп отыр. Осы бойынша ҚР ҚК 188 (ұрлық) және 291-баптарымен (қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен
жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу) іс қозғалды. Күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу басталып, ұсталғандардың осы секілді өзге де қылмысқа қатысы анықталуда.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz