Шымкентте жоғалған қыз табылды

Шымкент қаласының полицейлері із-түссіз жоғалған 14 жасар мектеп оқушысы Лилия Ахметованы тапты.

Туыстары мен полиция Лилия Ахметованы іздестірудеЕске салсақ, 2016 жылдың 17 маусымы күні Әл Фараби полиция бөліміне 36 жастағы жергілікті тұрғын арызданып келді. Азаматшаның айтуынша, 15 маусым күні 2002 жылы туған №34 мектептің 8 сынып оқушысы, кәмелетке толмаған қызы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Жасөспірімді іздеуге ОҚО ІІД-нің барлық жеке құрамына бағыттама берілді. Белгілі болғандай, жоғалған қыз бұған дейін бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүрген екен.

Сонымен, 21 маусым күні кешке криминалды полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында 14 жасар Лилия Шымкенттегі танысының үйінен тапты. Жеткіншектің дені сау, денсаулығына ешбір қауіп төнбеген.

Тәртіп сақшылары қажетті шараларды жүргізген соң қызды ата-анасына тапсырды. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның орын алу барысын анықтауда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР