//
Шымкенттегі №34 мектептің құрылысы тоқтап қалды Жаңалықтар 

Шымкенттегі №34 мектептің құрылысы тоқтап қалды

Бүгін белгілі болғандай, Шымкент қаласындағы №34 мектептегі қосымша нысан құрылысы тоқтап қалған. Құрылысқа тапсырыс берушілердің мәлімдеуінше, мердігер мекеме белгісіз себептермен мамыр айында құрылысты өз бетінше тастап кетіпті.

Шымкенттегі №34 мектептің құрылысы тоқтап қалды

Нәтижесінде қалалық құрылыс бөлімі мен мердігер “Астана Авто строй” мекемесінің арасындағы келісім-шарт бұзылған. Мектеп құрылысына 600 млн теңге қаралған, жауапсыз мердігерлер сол қаражаттың 200 млн теңгеден астамын алып үлгеріпті.

Енді жергілікті биліктегілер қайта тендер өткізбек, ол дегеніміз №34 мектептегі қосымша нысанның құрылысы созылады. Яғни, келер жылы да балаларының өзге мектепке қатынайтынын естіген ата-аналар наразылығын білдіріп отыр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz