//
Жаңалықтар 

Шымкенттегі су құбырларын жөндеу шешімін табады

Сайрам ауданына қарасты «Бадам-1» тұрғын алабы, «Бозарық», «Абдулабад», «Тұрдабад» елдімекендері 2014 жылы Шымкент қаласы аумағына қосылған болатын. Қазіргі таңда мұнда 17899 тұрғын мекендейді.

123
Бұл аумақтағы ауыл тұрғындарының басты қиындығы – ауыз су-тұғын. 1965 жылы мұнда «Коммунизм» жүйесі негізінде ауыз сумен жабдықтау желілері салынған. Ал, бұл жүйе Сайрам ауданына тиесілі болып, сумен жабдықтау қызметін «Сайрам Тазалық» ЖШС атқарып келген.

Қаланың коммуналдық меншігіне өткеннен кейін құқықтық құжаттар (техникалық төлқұжат тізбектері, баланстық құны) болмауынан  трансмиссиялық тәртібі екі жыл бойы мерзімінен кешіктіріліп келген болатын.

Осыған орай, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов аудан басшылары, салалық шаруашылық бөлімдері, сондай-ақ операциялық компаниялардың өкілдерімен көшпелі мәжіліс өткізді.
Кездесу барысында қала әкімі тиісті сала мамандарына шұғыл жөндеу жұмыстары үшін бір айдың ішінде «нөлдік баланс» желісінде жұмыс істеп, тұрғындарды уақытылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, болашақта ауыз сумен жабдықтау желілерін қауіпсіз пайдалану мәселелері талқыланды.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz