Шымкенттің басты туы төмен түсірілді

9 маусым — жалпыұлттық аза тұту күні. Осыған орай 9 маусымға қараған түні сағат 00:00-де Шымкенттің басты туы төмен түсірілді.

Шымкенттің басты туы төмен түсірілді

Өткен жексенбіде Ақтөбеде қанды қол қылмыскерлердің әрекетінен адамдардың өмірі қиылды, бірқатары ауыр жарақат алды. Бір топ лаңкес мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталар сәтте елдің тыныштығын бұзды.

Осы орайда бұл күні барша халқымыз 5 мамырда қанды оқиға салдарынан қаза болған боздақтарды қайғыра еске алатын болады, бір тәулік бойы ойын-сауық шараларына тыйым салынып, барлық мекемелерде мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Заңға сәйкес, бұл күні бұқаралық ақпарат құралдарында да барлық ойын-сауық бағдарламалар, шоу, сұрақ-жауап сайыстары, концерт және жарнама көрсетілмеуі тиіс.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР