//
Жаңалықтар 

Шымкенттің мейірімді жандары қайырымдылық жасады

Шымкенттің қайырымды жастары жетім балалар үшін ерекше шоу өткізді. Олар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жүз балаға арнап ұмытылмастай мерекелік кеш ұйымдастырды. Игі шарада еріктілер қуыршақ театрырының қойлымын ұсынып, түрлі сыйлықтар үлестірді және ақ дастархан жайды.

vlcsnap-2016-06-20-17h59m57s15

Мерекелік дастарханға шақырылған балақайлар кештің құрметті қонағы атанды. Кешке қызығушылық танытқан жомарт жандар бағасы 2 500 теңгелік билет сатып алып, балақайларға сый жасаған. Түскен қаражат игі шараны өткізу үшін жұмсалыпты. Шараны ұйымдастыру белсенді жастардың қолдауымен өткен. Шымкенттегі қайырымды жандар бірлестігінің мүшелері осындай игі шараны үш жылдан бері өткізіп келеді.

vlcsnap-2016-06-20-17h59m29s240

Еріктілер тобына кіру үшін міндетті түрде қалталы болу шарт емес. Өйткені жақсылық жасаймын деген әрбір ерікті жағдайы жеткенше қол ұшын бере алады. Айта кетейік, бұл бірлестік мүшелерінің қатары жыл санап артып келеді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

3 пікір - "Шымкенттің мейірімді жандары қайырымдылық жасады"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Тамаша! Жарайсыңдар Шымкенттің қайырымды жандары

Оооо машаллак осындаи журегинде иманы бар жандар кобеисегои ширкин Алла насип етсе жетимдер уиден бир жан болса дим журегинде иманы бар уи жаи болам деген уи болам деген жан болса жар етким келеди

Қалай қосылса болады екен осындай игі шараларға?

wpDiscuz