Шымкенттік 774 бала мерекені ата-анасыз тойлады

337

Шымкентте 14 жасқа дейінгі балалардың саны – 291 021. Жетім және ата-анасының қамқорынан қағылғандарының қатары – 774-ке жетті. Балаларды қорғау күні мерекелік шарасында осы Сандық мәліметті хабарлаған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бақытты балалықты қалыптастырудың құпиясын ашты. Шаһар басшысының ата-аналарға айтқан уәжі мен бала көңілдің тілегін тыңдап қайттық.

16

14

Маусымның алғашқы күні тұрғындардың көңіл-күйі көтеріңкі. Орталық саябақтың төрінен табылған балалар – асыр сала асық атып, арқан тартып, ойнады. Мейрамның мерейін асырды. Осы сәтте аға буын да тосылмады, бүлдіршіндерге сыйлық жасап әлек. Ал бала көңіл – мереке иелерінің жүздері бал-бұл жайнап, тосынсыйдың таралғысын еншілегенін байқадық.

– Өте қуаныштымын, бүгін маған ата-анам қуыршақ сыйлады. Ал 10 жастағы әпкем балмұздақ әперді. Достарым білезік әкеліпті. Мен болашақта биші болуды армандаймын, – дейді 7 жастағы Ботагөз Талғатқызы.

Балакөңілдің күйін бағып, мерекесімен құттықтаушылар қатарынан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та табылды. Шаһар басшысы көптің алдында мереке иелеріне ақ тілегін жаудырып, ата-аналарға артылған жауапкершіліктің жүгін таразылауды ұмытқан жоқ.

15

Ғабидолла Әбдірахымов, Шымкент қаласының әкімі: «Ата-анасы болмаса, бала ешқашан бақытты болмайды! Біздің балаларымызға, олардың қастарында жүрген достарына, сыныптастарына дейін ерекше көңіл бөлейік. Сол кезде біздің қоғам бақытты болады деп есептеймін».

13

Мерекелік шара аясында, концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, цирк әртістері балалардың көңілін аулады. Сондай-ақ, бүлдіршіндер үшін ертегі және танымдық кітап-көрмесі де ұсынылды. Онда балалар рухани дүиелермен танысты.