Шымкенттіктерді сарышаян да мазалай бастады

1463

Қарақұрттан зардап шеккен шымкенттіктерді енді сарышаян мазалай бастады. Улы жәндік шаққан бес науқасқа дәрігерлер шұғыл түрде медициналық көмек көрсетіп, қауіпті аурудың алдын алған. Оған қоса қала тұрғындарын жылан да шаға бастаған.

vlcsnap-2016-06-21-18h44m13s30

Шаян, қарақұрт, жылан. Бұл улы жәндіктен зардап шеккен шымкенттіктердің саны соңғы бір айдың ішінде отыз адамға жеткен. Күніне кем дегенде екі адам токсикология бөлімшесіне ауыр халде жеткізіледі. Басым бөлігі жансақтау бөлімінен бір-ақ шығады. Зиянды жәндіктердің құтыруын дәрігерлер күннің ысуымен байланыстырады. Көбіне мұндай оқыс оқиғалар қаланың шеткі аудандарында орын алып отырады екен.