//
Жаңалықтар 

Созақта мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтитын кешен іске қосылды

Созақ ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтитын кешен іске қосылды. Аудандық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің жанынан құрылған бұл цехтар бүгінде 20 азаматты еңбекке тартқан. Су жаңа ғимаратқа жайғасқан жұмысшылардың шаруасы қазірден-ақ қайнап жатыр.

789456

Мүгедектерге қолжетімді орта қалыптастыруда қолға алынған кешен салтанатты түрде ашылды. Екі қабатты ғимараттың біріншісінде шаштараз, етікші жұмыс істейді. Ал қажетті құрал жабдықтарды сатып алуға жергілікті “Катко” компаниясы қолғабыс етіпті. Ғимараттың екінші қабаты түгелдей тігін цехына ыңғайластырылған. Мұнда төсек жабдықтары мен арнайы киім үлгілері тігіледі. Тігіншілердің қолынан шыққан дүниелер жергілікті балабақшалар мен ауруханаларда пайдаланылады. Ал жұмыс киімдеріне өндіріс орындары тапсырыс беріп отыр.

Ал Қытайдан арнайы алдырылған мына заманауи құрал-жабдықтарда қолғаптар тігіледі. Бұл тауарлар бүгінде құрылыс жұмыстарында, өндірісте сұранысқа ие,-дейді жоба жетекшілері. Қолғаптарға бүгінде “Қазатомөнеркәсіп”АҚ мекемелері тапсырыс беріп отыр.

Цехқа алғашқылардың бірі болып жұмысқа орналасқандардың – бірі Бағила Жайсанбаева. Тігінші болып жұмыс істейтін оның қазірден ақ шаруасы бастан асады. Төсек жабдықтарының тігу түк емес, ол тіпті мына кесте тігетін техниканың да тіліп тауыпты.

Мұнда ерлерге де екі қолға бір күрек табылады. Ғалымжан Тұтқышев енді ата кәсібін осында жалғастырады. Тағдыр тауқыметіне мойымаған азамат еш қиындыққа қарамастан отбасын асырауға шындап кіріскен. Бұрыңғы клиенттерім мені енді осындай іздеп келіп жатыр деп марқаяды ол.
Айта кетейік, бүгінде теріскейде 2 мыңнан аса мүгедек тұрып жатыр. Оның 800 ден астамы жұмыс істеуге қабілетті. Осыны тексерге аудан басшылығы алдағы уақытта жаңа кәсіп түрлерін іске қосып, 40 шақты азаматты жұмыспен қамтимыз деп құлшынып отыр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz