Су мамандары: «Шымкенттегі көп қабатты үйлерде эпидемияның өршу қаупі бар»

Шымкенттегі су мамандары дабыл қағады. Қаладағы көп қабатты үйлерде эпидемияның өршу қаупі бар дейді олар. Бұған себеп — ауыз су құбырларының әбден тозуы. Осыған орай «Су ресурстары-Маркетинг» серіктестігі үй төрайымдарына бұл жағдайдың алдын алудың жолдарын ұсынып отыр.

Шымкентте көп қабатты үйлердің тек 30 пайызы ғана жаңартылған. Үй төрайымы Анна Степановна — осы бағдарлама аясында мүмкіндікті пайдаланған жандардың бірі. Ол тез тотығып кететін темір құбырлардан ағатын суды ішуден қауіптенгенін айтады. Күдігін сейілту үшін жаңа полителенді су құбырларын орнатып, сапалы тіршілік нәрін тұтынуды жөн көрген.

vlcsnap-2016-06-21-19h10m18s155

Татьяна Вышкина, үй төрайымы: «Су құбырларының тозғанынан көп зардап шектік. Орынсыз аққан су үшін қосымша ақы төледік. Ал жаңарту жұмыстарынан кейін мұның барлығын ұмыттық. «Су арнасы» мекемесі жаңарту жұмысы аясында су өлшеуіш құралдарын да өз балансына алды. Қазір мекеменің мамандары есігімізді де қағып мазаламайды.»

Коммуналшылар шаһардағы кейбір тұрғындардың мәдениетсіздігі өзгелерге де проблема тудыратынын айтады. Кәрізге тасталған қоқыстар жүйенің кері жұмыс жасауына алып келеді.

Осы орайда жаңа технологияны енгізу — мекеменің басты ұстанымы. Камера орнатылған робот кәріз жүйесінің қызметін бақылауға зор мүмкіндік береді.

Кәріздің жағдайын бақылайтын робот

Кәріздің жағдайын бақылайтын робот

Тоқсан сайын үй төрайымдарымен өтетін шара барысында мекеменің орталық диспетчер пунктінің қызметі ауыз судың жер астынан тартылуы мен оны залалсыздандыру, сондай-ақ, кәріз жүйесіндегі жаңашылдық пен шайынды сулардың өңделу технологиясын таныстырды. Қатысушылар мекемедегі жаңартудағы атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы кең екенін атап өтіп, тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған ұжымға алғыстарын білдірді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР