Судьялар балаларды қуанышқа бөледі

377

№4 балалар үйінің бүлдіршіндері құрметке бөленді. Ата-анасының қамқорлығынан қағылған жүздеген бала шаһарымыздағы беделді ойын-сауық орнына барып, түрлі әткеншектерге мініп, қызықты ойыншықтармен ойнады. Бірауық достарымен бас қосып, демалды. Мұндай мүмкіндікті балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Абай және Қаратау аудандық сотының судьялары сыйлап отыр.

Ұйымдастырушы тараптың айтуынша, мұндай игі бастама жалғасын табуы тиіс. Яғни, алдағы шілде айында балаларды аквабаққа апарып, серуендетпек ниеттері бар.

Әдия Сәтбаева, №4 балалар үйінің тәрбиеленушісі: «Бізді арнайы шақырып, осылай қуаныш сыйлаған жандарға ризамын! Ешқашан ауырмасын, бақытты ғұмыр кешсін! Болашақта мен де үлкен азаматша болғанда, міндетті түрде балаларға осындай жағдай жасаймын! Бүгінгі күнім өте керемет өтіп жатыр. Сол үшін рахмет!»