Түркістан әкімі халыққа ауызашар берді

Түркістан өлкесінің өңір тұрғындары жергілікті биліктің қасиетті айда ұйымдастырып жатқан игі істерінің жалғасына куә болды. Түркістан қаласының әкімдігі шаһардағы халық тығыз орналасқан «Сауран» шағынауданында 500-ге тарта тұрғынның басын қосып, ауызашар өткізді.

Түркістан әкімі халыққа ауызашар берді

Түркістан әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында арзан бағада азық-түлік жәрмеңкесі өтсе, кешкісін аулаға шығып, асыр салған балғындарға 1000 балмұздақ тегін таратылды. Бұған қоса 3 тонна қарбыз да тұрғындарға ақысыз үлестіріліп, сауапты іс еселене түсті.

Түркістан әкімі халыққа ауызашар берді

Қала билігі қайырымдылық шарасында мұнымен шектеліп қалмаймыз деп отыр. Алдағы күндері игілікті шара қаланың халқы көп шоғырланған екі аймағында өтпек. Соның бірі Тоқаш Бокин көшесінің бойындағы көп қабатты тұрғын үйлердің ауласында ұйымдастырылса, Рамазан айындағы үшінші ауызашар рәсімі «Түркістан Ахмет Ясауи» мешітінде өтеді.

Түркістан әкімі халыққа ауызашар берді

Түркістан әкімі халыққа ауызашар берді

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР