Тұрақты қордың азық-түлігі күзге дейін сатылмайды

Шымкентте әлеуметтік бағадағы азық-түліктер сатылмайтын болды. Бүгінен бастап қаладағы «Шымкент әлеуметтік корпорациясына» қарасты тұрақтандыру қоры өнімдерді сатуды уақытша тоқтатты.

Тұрақтылық қоры

Оған себеп — Оңтүстікте балғын көкөністер пісіп-жетіліп, тұрақты қордың тауарларына деген сұраныс азайыпты. Осылайша бұған дейін қаланың 10 ірі сауда орындарының маңында сатылып келген әлеуметтік тауарлар қазан айынан дейін тоқтатылды.

Әлеуметтік корпорацияның мамандары 2015 жылдың күзінен биылғы маусым айына дейін атқарылған жұмыстардың есебін тапсырды. Былтырдан бері 5500 тонна өнім сатылған. Саралайтын болсақ, 396 тонна картоп, 442 тонна пияз, 1500 тонна құмшекер, 232 тонна күріш, және 47 мың литр күнбағыс майы арзан бағада босатылған.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР