«Тау самалында» денсаулығыңызды сауықтыруға мүмкіндік бар

194

555555555555555555555555555555555Жыл басынан бері Төле би ауданында шағын және орта бизнес саласында өндірілген өнім мен қызмет көлемі 12 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5000 млн теңгеге көп. Ал аудан бюджетінің көлемі 11 млрд теңгеден асқан.

Айта кетейік, үдемелі-индустриалды инновациялық даму жобалары бойынша ауданда 5 жылда 10 жоба іске қосылып, бүгінде 90-100 пайыз қуаттылықта жұмыс істеуде деп сендірді аудан әкімі.

Төле би ауданында туризм түлеп келеді. Бұдан былай «Тау самалы» демалыс аймағында денсаулығыңызды сауықтыруға да мүмкіндік туады. Қолға алынып отырған бұл жоба аясында 40 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Ауданда жыл басынан бері атқарылып жатқан шаруаларды қорытқан билік өкілдері өзге тың бастамаларды таныстырды.

Биыл ауыл шаруашылығы саласының өнімі көлемі 6 млрд теңгеден асты. Жылыжайлар көлемі де артқан. Шаруалар тың технологияларды да тиімді пайдаланып келеді. Тамшылатып суару әдісі 200 гектарға жетіп, терең қопсыту технологиясы 3500 гектар алқапта қолданылып отыр.