Тілшілер марапатталды

«Отырар» медиахолдингінің журналистері мен тілшілерін түрлі сала өкілдері марапаттады. Ең алдымен 6506 әскери бөлімінің қызметкерлері мен сарбаздары «Отырар» теларнасының ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, арнайы келді. Төртінші билік өкілдеріне табыс тілеп, әскери бөліммен телеарна арасындағы байланысты ерекше атап өтті.

Тілшілер марапатталды

Сондай-ақ облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы да арнаның қалымы қарымды журналистерін тәрбиелеп отырған директорға алғысын айтып, біліктіліктерін тілге тиек етті.

Тілшілер марапатталды

Облыстық сот төрағасы да төртінші билік өкілдерімен тығыз қарым-қатынас құруды көздеп отырғанын мәлемдеді. Төраға тілшілер қауымын қабылдап, төл мерекелерімен құттықтады. Бірқатар журналистерді алғыс хатпен марапаттады. Мерекелік жиында қоғамныѕ сотқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастырудағы журналистердің еңбегі ерекше атап өтті. Журналистерге сот жұмысының ашықтығын қамтамасыз етудегі қосқан үлестері үшін естелік сыйлық тапсырды. Сондай-ақ, облыстық соттың атынан «Отырар» медиахолдингінің бас директоры Валентина Куликоваға да алғыс хат тапсырылды.

28 маусым — байланыс және ақпарат қызметкерлері күні «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы тілшілерді төл мерекелерімен құттықтады. Өңірдегі баспасөз саласында қызмет етіп жүрген 10 журналистке партия атынан алғыс хат тапсырылды. Олардың қатарында «Отырар» телеарнасының тілшісі Бахтияр Құдайбергенов те бар. Жорналшыларды кәсіби мерекесімен құттықтаған партия өкілдері төртінші билік қауымын тығыз байланыста бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Тілшілер марапатталды

«Отырар» телеарнасында «Заң» бағдарламасы әр апта сайын үздіксіз шығып отырады. Мұнда прокурорлардың қадағалауы, құқықтық тәртіп туралы кеңінен түсіндіріледі. Бағдарламаның жүргізушісі Мақпал Рысбаева және телеарна тілішісі Данил Шемратов облыс прокурорының алғысын хатына ие болды. Сондай-ақ құзырлы орган өкілдері арна басшылығына да құрмет көрсетіп, тығыз байланыста жұмыс жасауға сенім білдірді.

Тілшілер марапатталды

Сондай-ақ, облыстық ардагерлер кеңесі де өңіріміздегі басылым мен телеарнада қызмет ететін азаматтарды төл мерекелерімен құттықтады. Мерекелі жиын ұйымдастырып, БАҚ өкілдерін қоғамда орын алып жатқан оқиғаларды шынайы беруге шақырды. Тілшілердің тәуелсіздігіміздің — 25, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы тақырыбында қозғаған мақала-материалдары елеусіз қалдырмай, аға буын өкілдеріне көрсетке қызметі үшін алғыстарын білдірді.

Тілшілер марапатталды

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР