Тоғыстағы сорғы жөнделіп, халыққа су беріле басталды

339
Тоғыстағы сорғы жөнделіп, халыққа су беріле басталды

Тоғыс тұрғын алабына қарасты елдімекендердегі 4 500 отбасы тәулік бойы су ішетін болды. Бүгін қайта жөндеуден өткен су сорғыш орнатылды. Бұған дейін осы қондырғы істен шығып, тұрғындардың су азабын тартып отырғанын айтқан болатынбыз. Мәселені тілшілерден естіген қала басшысы жауаптыларға тапсырма беріп, су сорғыш қондырғысын ауыстыруды міндеттеген болатын.

Тоғыстағы сорғы жөнделіп, халыққа су беріле басталды

Тереңдігі 50 метр құдықтан алынған бұрынғы су сорғыштың қуаты сағатына 60 текше метр су тартуға жетеді. Ол Тоғыс алыбындағы 4500 тұтынушыны таза сумен толық қанағатандыра алмады. Амалы таусылған «Ленгір су» мекемесі бір ай бойы тіршілік нәрін күнәра беруге көшті. Нәтижесінде мәселе түбегейлі шешімін тапты.

Орнатылған су сорғыш сағатына 100 текше метр су шығарады. Үш жыл бойы үзіліссіз жұмыс жасаған қондырғы қайта жөнделіп, ауыл халқының шөлін басты. Тоғыстықтардың тіршілік нәрін тасып ішіп отырғанынан хабардар болған қала басшысы жауаптыларға тапсырма беріп, оны орындалуын өзі қадағалаған болатын.

Сала мамандарының айтуынша, қондырғыны толық жөндеп іске қосу үшін 500 мың тенгеге жуық қаржы жұмсалған. Енді тоғыстағы бұл нысанды қала құзырына өткізу басталды.

Нұрлан Жаңабай