«Ырыс» микроқаржы ұйымы 12 645 жобаны қаржыландырған

«Ырыс» микроқаржы ұйымы 12 645 жобаны қаржыландырған. Бұл туралы ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ырыс» микроқаржы ұйымы» ЖШС директоры Хилола Назарметова мәлім етті.

«Ырыс» микроқаржы ұйымы 12 645 жобаны қаржыландырғанДиректордың айтуынша, 2009-2016 жылдар аралығында несие ұйымы арқылы жалпы сомасы 20 млрд теңгені құрайтын 12 645 жоба қаржыландырылған.

Мәселен, 8 100 мал шаруашылығы жобасы болса, жылыжай шаруашылығы бойынша 262 жоба бар. Ал егін шаруашылығы бағытында 4000-ға жуық жоба мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 24 жоба іске қосылды. Сонымен қатар әлеуметтік қызмет көрсету бағытында 212 жоба мен басқа да 115 жоба жүзеге асып отыр. Жүйелі жұмыстар мен жобаларды қаржыландырудың нәтижесінде 11 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылған.

Осы жылдар ішінде 63 мың тоннаға жуық ет, 85 тоннадан астам сүт өнімі, 4,2 тонна көкөніс өнімі өндірілсе, 23,5 мың тонна мақта жиналды. Ал ерекше тоқталып өтетін нәрсе — облыста балабақша ашуға несие беріліп, 890 орынға арналған 15 балабақшаның іске қосылуы. Әлеуметтік маңызы жоғары мәселелердің шешілуіне аз да болса ықпалымызды тигізіп отырмыз деді микроқаржы ұйымының директоры.

Айта кетейік, жыл басынан бері несие ұйымы құны 1 706 млн теңге болатын 778 жоба қаржыландырылған.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР