«Ырыс» микроқаржы ұйымы 12 645 жобаны қаржыландырған

350
«Ырыс» микроқаржы ұйымы 12 645 жобаны қаржыландырған

«Ырыс» микроқаржы ұйымы 12 645 жобаны қаржыландырған. Бұл туралы ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ырыс» микроқаржы ұйымы» ЖШС директоры Хилола Назарметова мәлім етті.

«Ырыс» микроқаржы ұйымы 12 645 жобаны қаржыландырғанДиректордың айтуынша, 2009-2016 жылдар аралығында несие ұйымы арқылы жалпы сомасы 20 млрд теңгені құрайтын 12 645 жоба қаржыландырылған.

Мәселен, 8 100 мал шаруашылығы жобасы болса, жылыжай шаруашылығы бойынша 262 жоба бар. Ал егін шаруашылығы бағытында 4000-ға жуық жоба мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 24 жоба іске қосылды. Сонымен қатар әлеуметтік қызмет көрсету бағытында 212 жоба мен басқа да 115 жоба жүзеге асып отыр. Жүйелі жұмыстар мен жобаларды қаржыландырудың нәтижесінде 11 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылған.

Осы жылдар ішінде 63 мың тоннаға жуық ет, 85 тоннадан астам сүт өнімі, 4,2 тонна көкөніс өнімі өндірілсе, 23,5 мың тонна мақта жиналды. Ал ерекше тоқталып өтетін нәрсе – облыста балабақша ашуға несие беріліп, 890 орынға арналған 15 балабақшаның іске қосылуы. Әлеуметтік маңызы жоғары мәселелердің шешілуіне аз да болса ықпалымызды тигізіп отырмыз деді микроқаржы ұйымының директоры.

Айта кетейік, жыл басынан бері несие ұйымы құны 1 706 млн теңге болатын 778 жоба қаржыландырылған.