//
Жаңалықтар 

Жасыл аймақ жайқалып келеді

Шымкенттегі “Жасыл аймаққа” егілген қоғамдық баудағы жеміс көшеттерінің жерсіндірілуін арнайы комиссия тексеріп шықты. Құрамында ауылшаруашылық басқармасы, “Нұр Отан” партиясының мүшелері бар топ өткен жылдың күзінде 50 гектар алқапқа қондырылған 5 түрлі жеміс ағаштары мен 25 мың гектар аумақтағы дарақтардың күтімін бақылады. Сала мамандарының айтуынша, егілген көшетер 90 пайыз өнген екен.

Жалпы 2009 жылы басталған “Жасыл аймақ” бағдарламасы аясында 5 мың гектар алқапқа түрлі сұрыптағы тал-дарақтар егілген. Нәтижесінде,  ондағы көшет саны 4 миллионға  жуықтапты. Ал биыл отырғызылған теректерді шіліңгір шілдеден аман алып қалу мақсаты тұр.  Себебі алқап суғарылатын шайынды судың көлемі аптап ыстықта тартылады екен. Сондықтан “Жасыл аймақ” мамандары билік тарапынан суару жүйесінде қолдау болса деп отыр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz