Журналистер мен блогерлер балаларға тарту жасады

«Біз біргеміз». Күнгейде журналистер мен блогерлер клубының ұйымдастыруымен осындай тақырыпта қайырымдылық акциясы жалғасын тапты. Игі шара алдымен Арыс қаласындағы балалар үйінде өрбіді.

Төлеген Тәжібаев атындағы Арыс қалалық балалар үйінде жергілікті журналистер мен белсенді блогерлер той-думан ұйымдастырды. Қазақстан халқы ассамблеясының күнгейдегі өкілдерімен бірлесе отырып, сый-таралғы жасау үшін келген. Олар бүлдіршіндердің жазғыдемалыс алдындағы киім-кешектерін түгендеп, оны балалар баспананың жетекшісіне табыстады.

Құдайберген Исматов

Құдайберген Исматов

6 жасар Құдайберген Исматов — меймандар алдына тосылған жоқ, осыдан 2 жыл бұрын ата-анасы бақилық болған бүлдіршін туғандарына деген құрметін әніне арқау етіп, сағынышын басты.

Құдайберген Исматов, Т.Тәжібаев атындағы Арыс қалалық балалар үйінің тәрбиеленушісі: «Мен барша аналарды жақсы көрем, денсаулық, амандық тілеймін! Аналар, жасай берсін!»

Ата-анасының қамқорынан қағылған бүлдіршіндер мұнда арнайы отбасылық негізде тәрбиеленеді. Яғни, кәнігі жанұя мүшелері жасақталып, анасы мен баласы жүйесі қолға алынған,. Мұндағы 7 бірдей отбасында өз шаңырағы мен дастарханы да бар.

Диар мен Диас Мадияровтар тәрбиешісімен бірге

Ағайында Диар мен Диас Мадияровтар тәрбиешісімен бірге

"Ет асу" шарасындағы тамақтану

«Ет асу» шарасындағы тамақтану

Ғалымжан Көлбаев, Т.Тәжібаев атындағы Арыс қалалық балалар үйі директорының орынбасары:»Балалар үйінде балалар үшін, олардың толыққанды өмір сүруі үшін бар жағдай жасалып отыр. Білім алу үшін жеке өздерінің бөлмелері бар, кір жуу үшін, киімдері үшін де арнайы бөлмелер бар. Қыз балалар мен ер балаларға бөлек-бөлек жатын орын қарастырылған. Уақыттарын тиімді өткізуі үшін компьютерлік сыныптар мен спорттық бөлмелер бар. Ал жаз мезгілінде барша бала «Машат» таулы демалыс аймағына барып, 3 ай бойы демалып келеді».

Естелік фото

Естелік фото

Белсенді топ балалар үйінің бүлдіршіндері үшін ас әзірледі. Қазақтың ұлттық тамағын — ет асып берді. Дастархандас болып, сырласқанын байқадық. Ал ұйымдастырушылардың айтуынша, игі бастама — «Бір біргеміз» акциясы жалғасын табады. Және бұл үшін жергілікті кәсіпкерлер қаржылық қолдау көрсетіп келеді. Айта өтетін ақпар, осыдан 94 жыл бұрын қызметін бастаған балалар үйінде бүгінде 72 бала тәрбиеленіп жатыр.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР