Құбыр шығаратын зауыт бар

«Стас и К» — 2005 жылы полиэтиленді құбыр өндірісін бастаған ең алғашқы зауыт. Мұнда құбырдың су, газбен жабдықтау, кәріс жүйесі, желдеткіш және жылы еден орнатуға арналған түрлері шығарылады. Кәсіпорында орнатылған құрылғылардың көмегімен тәулігіне 8 тонна өнім дайындалады. Өндіріс орнында тауардың санына емес, сапасына аса көңіл бөлінеді.

Құбыр шығаратын зауыт бар

Кооператив он жылдан бері сауда нарығында қызмет етіп келеді. Мекеме басшысы қажетті шикізатты Ресейден әкеледі. Ал өнімнің сапасы толық халықаралық стандартқа сай дейді. Мұндағы мамандардың сөзіне сенсек, құбырдың кепілдірілген қызмет мерзімі — 50 жыл. Ал тауарға тапсырыс берушілердің басымы — Алматы, Тараз, Шымкент қалаларының құрылыс компаниялары.

Әбдіхалық Саитов, кәсіпорын директоры: «Тапсырысты жақсы қабылдаймыз. Өйткені біз әр тауардың сапасына толық жауап бере аламыз. Бағасы да қол жетімді. Сондықтан болар, клиенттерміз көп. Сондай-ақ тапсырыс берушілерге жұмыс орнымыздан арнайы қалаған жеріне көлікпен жеткізіп береміз.»

Айта кетейік, кәсіпорын 2015 жылы «Бәйтерек» холдингі және «Даму» қоры жүзеге асырған бағдарлама аясында 55 млн теңге көлемінде несие алған. Мемлекеттен қолдау тапқан өндіріс орнының жұмыс көлемі ұлғайып, отандық тауарлардың санын арттыруда.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР