Қала сыртындағы жолдарда екі күнде 28 мас жүргізуші ұсталды

Оңтүстікте өткен «Қала сыртындағы жол» шарасы кезінде 2000-ға жуық ережені бұзу жағдайы тіркелді. Бұл рейд жергілікті полиция қызметінің бастамасы бойынша 16-17 шілде аралығында өткен еді.

Қала сыртындағы жолдарда екі күнде 28 мас жүргізуші ұсталды

Инспекторлардың 2 күндік рейді барысында анықталған 2000-ға жуық жүргізушінің 400-ге жуығы рөлде отырып, телефонды пайдаланса, 600 адам қауіпсіздік белдігін тақпаған.

Қала сыртындағы жолдарда екі күнде 28 мас жүргізуші ұсталды

Ал жылдамдықты арттыруға қатысты 59 хаттама түзілді. Сонымен қатар көлік құралын мас күйінде жүргізген 28 жүргізуші ұсталып, 72 жаяу жүргіншіге жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұған қоса 6 жүргізуші қарсы беттегі жолға шығып кеткені үшін жазаланды.

Қала сыртындағы жолдарда екі күнде 28 мас жүргізуші ұсталды

Еске салайық, Қазақстанның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, көлік құралын мас күйінде жүргізген жүргізушілерге көлік құралын басқару құқығынан 3 жылға айыру шарасы көзделсе, қарсы жолға шығып кеткені үшін 1 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айыру шарасы қарастырылған. Сондай-ақ, жылдамдықты арттыруға байланысты ережені бұзғандарға 10-15 АЕК аралығында (21 210 теңгеден 31 815 теңгеге дейін) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу қарастырылған.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР