//
Сингатуллина Светлана Жаңалықтар 

Қала тұрғындары су өлшеуіш құралдың пайдасын көруде

Шымкент қаласының бірқатар тұрғындары су өлшеуіш құралдың пайдасын көруде. Арнайы құралды көп қабатты үйдегі пәтерлердің сыртына орнатқан тұрғындардың бірі су беруші мамандарға алғысын жеткізіп, редакциямызға хат жолдады.

Сингатуллина Светлана“Мен, Сингатуллина Светлана Александровна, Төреқұлов, Рылеев, Әлімбетов, Байтұрсынов көшелері комитетінің төрайымымын. Біздің үйімізде тыныштық орнады.

Қалай дейсіз ғой. Су өлшегіш құралдар үйде тұратын кезде бақылаушыға да, түрғындарға да қолайсыз болатын. Өйткені, тұтынылған тіршілік нәрі үшін төлем жасауымызға су өлшеуіш құралындағы көрсеткішті алу үшін бақылаушылар үй есігімізді қағып, кіруге мәжбүр болатын.

Ал енді жәшіктер сыртқа шығарғалы бері мұның барлығы артта қалды. Осыған өз атымнан және көше тұрғындары атынан “Су ресурстары -Маркетинг” мекемесінің басшылығына жаңашылдықтары үлкен алғыс білдіргіміз келеді. Бақылаушылар су өлшеуіш қүралдарын уақтылы тексеріп, бақылап тұрады.

“Су Арнасы 12В” бөлімінің бастығы Нарбеков Бауыржанға алғысымыз шексіз. Көше төрайымы ретінде маған қоңырау соғып, түрғындардың хал- ахуалын біліп тұрады.”

Көше комитетінің төрайымы – Светлана Сингатуллина.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz