//
Қазақстандағы ең көрікті мешіт - Мақтааралда Жаңалықтар 

Қазақстандағы ең көрікті мешіт – Мақтааралда

Мақтааралдағы «Нұғман» мешіті еліміздің ең көрікті мешіті атанды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі әрбір мешітке, мешіт жұмысына, ондағы қызметкерлерге ерекше көңіл бөліп отырғаны белгілі. Осыған орай ҚМДБ биыл «Көрікті мешіт 2016» тазалық бәйгесін ұйымдастырды. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – аудан орталықтары мен ауылдардағы мешіттердің деңгейін көтеріп, сән-салтанатымен қоса ауласының таза, көгалды болуы сынды көрсеткіштері бойынша бағалап, әр облыстағы мешіт имамдарының бір-бірінен үлгі-тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру.

Қазақстандағы ең көрікті мешіт - Мақтааралда

Бәйге 2 деңгейде өтті. 1-деңгей қала, аудан мешіттері деңгейінде өтсе, 2-деңгей ауыл мешіттері арасында ұйымдастырылды. Шара аясында еліміздегі әр өңір 2-деңгейдегі мешіттер арасынан, 1, 2, 3-орын алған мешіттерді анықтаған болатын.

Қазақстандағы ең көрікті мешіт - Мақтааралда

ҚМДБ өз кезегінде арнайы құрылған комиссияның шешімімен өңірлерден келген мешіттердің ішінен республикалық 1, 2, 3-орындарды анықтады. Нәтижесінде аудандық, қалалық деңгей бойынша бірінші орынды Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласындағы орталық «Нұғман» мешіті алса, ауылдық деңгей бойынша Қазығұрт ауданындағы Үшбұлақ ауылдық мешіті үшінші орынға лайықты деп табылды.

Қазақстандағы ең көрікті мешіт - Мақтааралда

«Көрікті мешіт 2016» байқауының жеңімпаз имамдарына бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан үлкен қажылық тарту етіледі.

Қазақстандағы ең көрікті мешіт - Мақтааралда

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz