//
Қазына» би ансамблі халықаралық фестивальден жүлделі оралды Жаңалықтар 

“Қазына” би ансамблі халықаралық фестивальден жүлделі оралды

Оңтүстіктің өнерпаздары тағы да үздіктер қатарында. Бұл жолы бишілеріміз өңіріміздің мерейін асқақтатып отыр.

"Қазына" би ансамблі халықаралық фестивальден жүлделі оралды

Биылғы 23-25 шілде аралығында Болгария астанасы София қаласында өткен халықаралық «Витоша» халық билері фестиваліне еліміздің атынан қатысқан халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Қазына» би ансамблі жүлделі ІІ орынды иеленді. 11 мемлекет қатысқан би фестивалінде І орынды Корея, ІІІ орынды Колумбия мемлекеттері алған.

Сонымен қатар «Қазына» би ансамблі «Тұмар» фольклорлық ансамблімен бірігіп, тамыз айының 4-6 аралығында Австрияның Клагенфурт және Филлах қалаларында өтетін «Villacherkirchtag» фольклорлық фестивалінде өнер көрсетеді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz