Үздік бизнес идеяңыз үшін 200 мың теңге ұтып алыңыз

Ең үздік бизнес идея үшін — 200 мың теңге. Облыста жастар арасында «Инновэйшн» стартап жобалар байқауы жарияланды.

Үздік бизнес идеяңыз үшін 200 мың теңге ұтып алыңыз

Кәсіпкерлікке бет бұрып келе жатқан жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға бүгіннен бастап жұмыстар ұсынса болады. Байқаудың жалпы жүлде қоры — 200 мың теңге. Идеялар марафонында үздік деп танылған 10 жоба қаржылық қолдауға ие болады.

Ұйымдастырушылар облыс экономикасының дамуында маңызды деген жобаларға басымдық беріледі деп отыр. Жеңімпаздар алдағы уақытта жобаларын іске асыру үшін мемлекеттік қолдауларды иеленуге мүмкіндік алатын болады.

Береке Дүйсебеков, ОҚО кәсіпкерлер мектебінің директоры: «Былтыр «Өркен Стартап» жастар жобасы аясында 5 мың жасты қамтыдық. Бұл жолы 200-ден аса жас кәсіпкер қатысады деп күтілуде. Біз тың жоба иегерлерін алдағы уақытта қаржылай қолдауға, бизнес-жоспар жасауына көмектесеміз.»

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР