//
Әкімдік өкілі азаматтарды қабылдады Жаңалықтар 

Әкімдік өкілі азаматтарды қабылдады

Жеке сауалыңызды әкімдік өкілімен кездесіп, айтуыңызға болады. Облыс әкімдігінің ұйымдастыру- инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Бақытжан Әшірбеков азаматтарды қабылдап, көкейтесті сауалдарымен танысты. Шымкент қалалық әкімдігінің ғимаратында қабылдау өткізген шенеунік әр арыз заң шеңберінде қаралатынын айтты.

Әкімдік өкілі азаматтарды қабылдады

Қабылдаудан алдын ала хабардар болған Бек Бекжанов бұл сәтті тағатсыздана күтуде. 62 жастағы тұрғын көкейіндегі мәселелерді бөліп, қоятын сұрақтарын пысықтап алды. Облыс әкімдігінің өкілімен кездесіп, көтерген мәселесі дер кезінде шешімін табатынына сенімді.

Бек Бекжанов, қала тұрғыны: “Маған 3 бөлмелі пәтер керек. Екі бөлмелі пәтер тар болады. Балаларыммен сыймаймын.”

Қабылдау барысында ақсақалдың баспана кезегінде №343 болып тұрғаны да анықталды. Тұрғын үй құрылысының өңірде қарқынмен жүргізіліп жатқанын түсіндірген әкімдік өкілі қоныс тойын тойлауға жақын қалғанын жеткізді.

Әкімдік өкілі азаматтарды қабылдады

Баспана мәселесі бойынша тиянақты жауап алған мүмкіндігі шектеулі азамат тегін ем-дом алуға жолдама алды. Ал жылдар бойы пәтер жалдап тұратын келесі тұрғынның жасы тоқсанда. Былтыр ғана баспана кезегіне тұрған Омархан Мұхамедяров 7000-шы болып тұр. Оның кезегі қашан келетінін басып айту оңай болмады. Бірақ, алдына келген азаматтардың мәселесін жіті қадағалауға алған инспектор әр арыз заң шеңберінде қаралатынын жеткізді.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz