//
Әлеуметтік желіге мән беретін уақыт жетті Жаңалықтар 

Әлеуметтік желіге мән беретін уақыт жетті

Аудандық ішкі саясат бөлімдерінің әлеуметтік желілердегі жұмысы бағаланатын болады. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен “Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырудағы әлеуметтік желінің маңызы” атты семинарда басқарма басшысы Болатбек Төлеген мәлімдеді.

Әлеуметтік желіге мән беретін уақыт жетті

Басқарма басшысының айтуынша, енді ішкі саясат бөлімдерінің әлеуметтік медиадағы жұмысы құр ақпарат жариялаумен шектелмейді. Жұмыс нәтижесіне ай сайын, тоқсан сайын баға беріледі. Семинарда тренер Жанасыл Болатбек қазір бәрі де жарнамаға зәру екенін, бірақ, көпшілік солардың әлеуметтік желімен жақсы жұмыс жүргізетіндерін ғана сапалы қызмет ұсынады деп ойлайтынын айтты.

Әлеуметтік желіге мән беретін уақыт жетті

Әлеуметтік желіде сапалы жұмыс істейтіндер болса, SMM жүргізбегендіктен, қалыс қалады. Блогер Асхат Шотаев адамдардың әлеуметтік желілердегі ықпалдылығын есептейтін Клоут сайтын таныстырды. Ал “Қазақстан КВН одағының” президенті Есен Елеукеннің сөзінше, жауапты мамандар әлеуметтік желіде қазақ әріптерімен сауатты жазуы керек.

Әлеуметтік желіге мән беретін уақыт жетті

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz