«Өзгеге өмір сыйла» акциясы аясында 100 литр қан тапсырылды

Оңтүстікте «25 жылдыққа — 25 игі іс» аясында қан тапсыру акциясы өтті. Шымкенттегі облыстық қан орталығында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына — 25 игі іс-шарасының «Дені саудың — жаны сау» айлығы аясында «Өзгеге өмір сыйла» акциясы өтті.

«Өзгеге өмір сыйла» акциясы аясында 100 литр қан тапсырылды

Оған облысымыздың белсенді жастары мен полицейлері, спортшылар мен мәдениет майталмандары және мешіт имамдары, сондай-ақ, қала тұрғындары қатысты. Жалпы, бұл күні 200-ден астам азамат келіп, 100 литрдей қан тапсырды.

«Өзгеге өмір сыйла» акциясы аясында 100 литр қан тапсырылды

Мәселен, қан тапсыруға алғаш рет келген спортшы, «Қазақстан барысы» сайысына қатысушы Нұрсұлтан Мыңғышев осынау игі іске өзінің де атсалысып, өзгенің өмірін сақтап қалуға үлес қосып жатқанына дән риза. Тәуелсіздіктің төл құрдасы бүгінгі медицина мекемесіндегі соңғы заманауи құрылғыларды көріп, бұл да болса егеменді еліміздің ширек ғасырдағы жеткен жетістігі екеніне куә болды.

«Өзгеге өмір сыйла» акциясы аясында 100 литр қан тапсырылды

Ал «Бізбен бірге» еріктілер мектебінің жетекшісі Ботагөз Ізтілеудің сөзінше, облыстағы белсенді жастардың бұлайша қан тапсыруы дәстүрлі шараға айналған. Бүгінгі шараға қатысқан 40 шақты белсенді жас қан тапсыру арқылы өзге біреудің өмірін сақтауға себепші болса, бұл азаматтық парызының орындалғаны деп есептеуге болады.

«Өзгеге өмір сыйла» акциясы аясында 100 литр қан тапсырылды

Негізінен, 18 жастан асқан, денсаулығы дұрыс, қайырымды, ең бастысы, адам өмірін сақтап қалуға көмегін беруге дайын кез келген азамат донор ретінде қан тапсырып, дәрігерлерден кеңес ала алады. Қан құю арқылы ғана өмірді сақтап қалуға болатын ауру түрі өте көп. Бұған гемофилия, қан аздығы, бауыр қатерлі ісігі пен күйік алу т.б. дерттерді қосуға болады. Аяқасты апат жағдайында немесе күрделі операция кезінде донор қанын құю қажеттілігі де жиі кездеседі. Әсіресе, донор қаны босанған ананың өмірін сақтап қалуға өте жиі қажет.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР