Қазығұртта шахматтан республикалық турнир өтті

445
Қазығұртта шахматтан республикалық турнир өтті

Қазығұрт ауданында ұлағатты ұстаз Қарынбек Дәулетовті еске алуға арналған шахматтан республикалық турнир болып өтті. Бұл жарыс ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына да арналды, деп хабарлайды Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазығұртта шахматтан республикалық турнир өтті

Спорттық шараға еліміздің Алматы, Астана, Қызылорда, Тараз, Шымкент қалалары мен аудандарынан 80-нен астам шахматшы мен аудан әкімінің өкілдері және ұстаздың көзін көрген ағайын-туыстары қатысты.

Қазығұртта шахматтан республикалық турнир өтті

Ұлағаты ұстаз, ҰОС қатысушысы, ІІІ дәрежелі ҰОС орденімен және Германияны жеңгені үшін «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған Қарынбек Дәулетовтің 100 жылдығына орай еске алуға арналған турнирде майдангер жөнінде көптеген еске алу естеліктері айтылды.

Қазығұртта шахматтан республикалық турнир өтті

Жарыс өте тартысты өтті. Үздік ойын өрнегін көрсеткен шахматшылар ойлау қабілеттерінің ұшқыр екенін тағы да дәлелдеді. Турнир қорытындысы бойынша бірінші орын сарыағаштық П.Дауытовқа берілсе, екінші орынды кентаулық С.Қыдырбаев, үшінші орынды шымкенттік Д.Утинисов иеленді. Ал ардагер шахматшылар арасында Б.Тәжиев марапатталды.

Қазығұртта шахматтан республикалық турнир өтті

Жарыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар атынан мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Қазығұртта шахматтан республикалық турнир өтті

Қазығұртта шахматтан республикалық турнир өтті