Қошқар ата өзені тазартылуда

650
Қошқар ата өзені тазартылуда

Шымкентте Қошқар ата өзені тазартылуда. Өзен бойын тұрғындардың тұрақты демалыс аймағына айналдыруды көздеген қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов демалыс аймағын аралап, өзен арнасы мен оның айналасында салынған әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, салалық бөлімдерге арнайы тапсырмалар берген еді.

Қошқар ата өзені тазартылуда

Бүгінде қала басшысының тапсырмасына орай арнайы техникамен жабдықталған жұмысшы тобы өзен арнасын қоқыс қалдықтары, жабайы жалбыз, шөптерден тазартуда.

Қошқар ата өзені тазартылуда

Тазалық жұмыстарымен қатар демалыс аймағында тұрғындар үшін қызмет етіп тұрған әлеуметтік құрылғылардың ескіргендері де алмастырылуда.