Алып әткеншек тамыз айында қосылады

Шымкенттіктер қаланы 50 метрлік биіктіктен тамашалайтын күн жақын. Тамыз айында ашылатын саябаққа орнатылған алып аттриакцион ТМД-дағы биіктігі жоғары үшінші дөңгелек шеңбер. Ал Азиядағы ең үлкен ойын элементіне жатады.

Алып әткеншек тамыз айында қосылады

Дөңгелек шеңбердің биіктігі — 50 метр. 18 жабық кабинамен жабдықталған атракционға 108 адам сияды. Әрбір кабинаға қыста жылу, ал жазғы күндері салқындататын арнайы желдеткіш орнатылған. Сондай-ақ, қозғалыс кезінде аудио-экскурсия, хабарландыру трансляциясы жұмыс жасайды. Атракцион 15 минут айналады. Жылдың төрт мезгілінде жұмыс істейтін аттракцион тамыз айының басында ашылады деп жоспарлануда.

Асқан Жанбаев, «Нұрғажайып» ЖШСң директоры: «Шымкент Қазақстан бойынша басқа қалаларға қарағанда арзан қала болып саналатындықтан, атракционның бағасы халықтың қалтасына сай болады.»

Алып әткеншектен бөлек бұл саябақта 15 түрлі ойын элементі де бар. Ойын-сауық құралдары бұрынғы «Тұлпар», қазіргі » Жайлау көл» демалыс аймағында орналасқан. Естеріңізде болса, мұндай атракцион бұрын 30 жыл бойы Абай саябағында қала тұрғындарын қуантып келген еді.

Гүлжан Байназарова

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР