Арыстың өз дендросаябағы болады

Арыстың торқалы тойы жергілікті тұрғындар үшін ерекше есте қалмақ. Қаланың мерейтойына орай мұнда алғаш рет дендросаябақ ашылады. Жаңа демалыс орнының жалпы көлемі, 12 гектар жерді құрайды. Оның төрт гектарына бау-бақша егілген.

Арыстың өз дендросаябағы болады

Жаңа нысанда келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда мәдениеттік шараларды өткізуге болады. Бұл үшін дендросаябақта үлкен сахна орнатылған. Сондай-ақ, демалушаларға арналған арнайы орындар бар. Ал ерекше дизайнмен жасылынған су бұрқағы саябақтың көркіне ерекше сән беріп тұр.

Сейіт Ертай, Арыс қаласының әкімі: «Дендросаябақ облыс әкімінің тапсырмасы бойынша салынды. Өйткені облыс әкімі барлық аудан әкімдеріне осындай кемінде 10 гектар жерге жасыл желек салынсын деп тапсырма берген болатын. Осы тапсырманы басшылыққа ала отырып және қаланың 60 жылдық тойына орай қала тұрғындарына тарту жасағымыз келді.»

Жалпы, бұл жобаға мемлекет қазынасынан 289 млн теңге қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстары 2015 жылдың қыркүйек айында басталған. Қазір мұнда қосымша әрлеу істері жүргізілуде. Ал жаңа дендросаябақтың ашылу рәсімі алдағы 6 тамыз күні өтеді.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР