Асардағы 900 пәтер баспана кезегінде тұрғандарға IV тоқсанда беріледі

Шымкентте 2016 жылдың IV тоқсанында 900 пәтер иелеріне беріледі. 30 көп қабатты үй жыл соңына дейін дайын болады дейді жауаптылар. Асар шағынауданындағы көп қабатты үйдегі пәтерлерді «Қазақстан ипотекалық компаниясы» таратады.

Асарда 35 көп қабатты үй салынып жатыр

Бір бөлмелі — 300, екі бөлмелі — 300 және үш бөлмелі 300 пәтерге баспана кезегінде тұрған көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеуші жанұялар, жетімдер мен оралмандар, мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілген мамандар орналасады деп күтілуде. Кезекте тұрған осы азаматтардың барлығы екі топқа бөлініп, 900 пәтер тең бөлініп беріледі.

Еске салайық, «ҚИК» бағыты бойынша Асар шағынауданында соғылып жатқан үйлерден пәтер алуға құжат қабылдау 22 шілде күні аяқталады. Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарының мәліметінше, алғашқы 5 күннің өзінде 5000-нан астам шымкенттік азамат құжаттарын алып келген.

 

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР