Азат Перуашев Шымкентке келді

274
Азат Перуашев Шымкентке келді

Жазғы демалысқа шыққан мәжілісмендер өңір аралып жүр. Бүгін облыс орталығына «Ақ жол» демократиялық партиясының көшбасшысы Азат Перуашев келді. Мәжілісмен «Су арнасы Маркетинг» серіктестігінің жұмысшыларымен кездесті.

Азат Перуашев Шымкентке келді

Жиын барысында еліміздегі жағдайларды жіті талқылап, жер мәселесі төңірегінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Сондай-ақ, зейнетақы жинақтау қорындағы қаржының тағдырына алаңдағандардың сауалына жауап беріп, кері діни ағымдардың әсері жайында әңгіме өрбітті.

Кездесуде көтерілген мәселелер, ұсыныстар мен сын ескертпелер бойынша хаттама түзіліп олардың көшірмесі үкіметке, сенатқа, жер комиссиясына жіберілетін болып шешілді. Қаладағы тазартқыш кешенін аралаған депутатқа қайта жаңғыртуға қажетті қаражаттың жүйелі бөлінуі бойынша ұсыныстар айтылды.