//
Жаңалықтар 

Базардағы ет қатаң бақылауға алынады

Базардағы етті аларда әдеттегідей бағасына емес, сапасына қарау керек. Дәрігерлер оcыны қайталап ескертуден жалықпайды. Өйткені бұл өнімнен келер қауіп белең алып тұр. Әрине, тұтынушы еттің құрамындағы қауіпті заттарды өздігінен анықтай алмасы анық. Сондықтан сіз бірінші кезекте сатушыдан еттің сараптама жөніндегі анықтамасын талап етіңіз.

vlcsnap-2016-07-14-19h51m39s107

Қанат Тұрғынбеков, ветеринар-дәрігер: “Әр сатуышда “Форма-2″ анықтамасы болуы керек. Осы құжат арқылы ол базарда етті сата алады. Базардағы зертханада еттен арнайы анализдер алынады. Лабораториялық тексеруден кейін базарға сатуға рұқсат береміз.”

vlcsnap-2016-07-14-19h46m01s206

Сауда орындарына дейін мал еті қандай тексеруден өтуі тиіс? Көбінде бізді бұл да қызықтырмайды. Ветеринар мамандардың сөзінше, ет мал соятын орындарда іріктеледі. Мұнда мал дәрігері ең алдымен тұяқтының құжаттарынан сырға салу, егу жасау сынды жұмыстардың құрытынды анықтамасын тексеріп шығады. Ал содан кейін сойылған малдың басы мен бауырын кесіп, аурулары бар-жоғын анықтайды.

Сойылған малдан ешқандай ауру белгілері анықталмаса, бұл өнімді базарға жіберуге болады. Бір жылдың ішінде өңірде 110 мыңнан аса ет өндіріледі екен. Оның екі мың тоннасы шет елге экспортталады. Өзге елге тасымалданатын мұндай тауарлардың басымы – ірі қара малдың еті.

Қарағанды мен Павлодарда тіркелген Сібір жарасына байланысты, Ресей мен Қытай, Қырғызстан елдері Қазақстаннан ет экспорттаудан бас тартып отыр. Бұл шет елге экспортталатын өнім көлемінің күрт азаюына әкеп соқтыруда. Күрделі жағдайдың өзге де облыстарда орын алмасы үшін базарлардағы мал өнімдеріне бақылау күшейтілген. Мамандар сауда орталықтарындағы әрбір сатушыда тауар сапасы жөніндегі арнайы анықтамасы болмайынша, оны сатуға рұқсат бермейді. Ал тұтынушылар өз кезегінде міндетті түрде тиісті құжатты талап етуі тиіс.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz