«Дана» медицина орталығында көзге сапалы ота жасалады

«Дана» медициналық орталығы көз жанарыңызды нұрландырып, барлық түстерді қанық көруге көмек береді. Клиника мамандары көзге түрлі ота жасап, шел басу қаупін сейілтеді. Көзге жасалатын отаны білікті дәрігер офтальмолог Николай Каревский жүргізеді. Ал тексеру және қабылдауды жоғары санаттағы дәрігер Елена Блюм қадағалайды.

Ақ түскен көздің орнына жасанды көзбұршағын орнықтыру отасы аяқталды. Бұл өте нәзік жұмысты Тараздан арнайы шақыртылған дәрігер Николай Каревский жасады. 66 жастағы Халима Какинаева отадан кейін өзін жақсы сезінгенін айтты.

"Дана" медицина орталығында көзге сапалы ота жасалады

Дәрігердің қабылдауына келген Николай Пилюк ота жасалған көзін ашу сәтін тағатсыздана күтуде. 82 жастағы тыл еңбеккердің оң көзі зейнетке шыққан бері көруден қалған. Николай Васильевич отаның арқасында көру қабілетіне ие болатынына сенімді.

Николай Пилюк, қала тұрғыны: «Кеше ғана саусақтарымды көрмейтінмін. Бүгін, міне, оның түсін де айтып бере аламын. Қандай жақсы! Теледидарды да көретін болдым. Бұрын дыбысын естіп қана қоятын едім. «Дана» медициналық орталығының білікті мамандарына алғысым шексіз.»

Көз жанарын тексеру замануи құрылғыларда жүргізіледі. Оны жоғары санаттағы офтальмолог Елена Блюм қадағалап, көзге қажетті ем домды анықтап береді.

Елена Блюм, жоғары санатты дәрігер-офтальмолог: «Дана» медициналық орталығы арнайы жабдықтармен қамтылған. Мұнда қажетті медициналық қызмет түрлері ұсынылады. Көзге жасалған оталардан кейін адамның тез сауығып кетуіне барлық жағдай жасалынған. Мұндағы білікті мамандар ауруға қатысты кеңес беріп қана қоймай, емдеу шараларына қатысты әлемде кеңінен пайдаланатын тәжрибелермен бөліседі.»

Ал егер көзілдірік қажет болса, оны да осында сатып алуға болады. «Данада» көзілдірік, линзалар мен көз күтіміне керек барлық қажетті заттардың кең таңдауы бар. Сұрақтарыңыз болса, 21-44-46 байланыс телефонына хабарласыңыз. Медицина орталығы Бауыржан Момышұлы және Қожанов көшелерінің қиылысына жақын орналасқан.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР