«Дипломмен ауылға» жобасы асында 300 маманға үй беріледі

Оңтүстікте «Дипломмен ауылға» жобасы асында 1478 маман баспаналы болды. Бұл туралы ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жамболат Олжатай хабарлады.

«Дипломмен ауылға» жобасы асында 300 маманға үй беріледі

Баспасөз мәслихатында «100 нақты» қадам ұлт жоспарының орындалуын мәлімдеген баяндамашы Елбасының жыл сайынғы жолдауында еліміздің жас азаматтарына үлкен назар аударылып келетінін айтты.

— Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2009-2015 жылдар аралығында 4 226 маманға 496 млн теңге көтерме жәрдемақы берілді, — деді Ж.Олжатай. — Осы жылдар ішінде бағдарлама шеңберінде 3,2 млрд теңгенің бюджеттік несиесі бағытталып, нәтижесінде 1 338 маман баспаналы болды. Ал жыл басынан бері 445,4 млн теңге сомасында бюджеттік несие бағытталып, 140 маман үймен қамтылды.

Брифингте мәлім болғандай, 2016 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы негізінде 699 маманға 103,8 млн теңге көтерме жәрдемақы мен 954,5 млн теңге бюджеттік кредит бөлу жоспарлануда. Нәтижесінде 300 маман баспаналы болады.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР