Грант конкурсына құжат тапсыру басталды

370
Білім грантының иегерлері 25-тамызға дейін құжаттарын ЖОО-на тапсыруы тиіс

Білім грантының иегерлері 25-тамызға дейін құжаттарын ЖОО-на тапсыруы тиіс

Елімізде мемлекеттік білім грантына түсу үшін құжат тапсыру басталды. Қабылдау комиссиялары 31 шілде кешкі сағат 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс жасайды. Талапкерлер өз өтініштерінде 4 мамандықты және 4 жоғары оқу орнын көрсетуге құқы бар.

2016 жылы жоғары білімді мамандарды даярлауға арналған 31 702 грант бөлінген. Оның ішінде педагогикалық мамандықтарға – 5000, гуманитарлық ғылымдарға – 700, құқықтануға – 100, өнер – 170, әлеуметтік ғылымдар – 700, жаратылыстану ғылымдары – 1470, техникалық ғылымдар және технологиялар – 12593, әскери іс және қауіпсіздік – 60, медициналық мамандықтар – 3000, ауыл шаруашылығы және ветеринарияға 2690 орын тиеслі. Ал серпіндіктер биыл 3168 грант үшін бақ сынаса алады.