Кентау политехникалық колледжінің түлектері жұмыспен қамтылды

Кентау политехникалық колледжі алғашқы түлектерін ұшырды. Орта оқу орнын бітірген жастың басым бөлігі жұмысбасты атанды. Дуальды оқыту жүйесінің алғашқы жемісін көрген өндіріс орны олардың біліктілігін арттыруды ендігі кезекке қойып отыр. Оған дейін жас маманның әлеуметтік жағдайын жақсартып, мамандығының қыр-сырын меңгеруіне уақыты бар.

Қолына меңгерген мамандығының дипломын ұстаған бұл жастардың мақсаты айқын, міндеті бір — елі үшін еңбек етіп, екі қолды бос қоймау. Бұл мақсатқа жетудің жолын кентау политехникалық колледжі салып берген. Техникалық мамандықты игеріп шыққан жастар әп-сәтте жұмыспен де қамтылды.

Айта өтейік, Кентау политехникалық колледжін 131 түлек бітіріп, оның 15 қызыл дипламға ие болды. Оқуын қызыл дипломға бітірген әр түлекке колледждің құрылтайшысы Кентау трансформатор зауыты 50 мың теңге көлемінде сыйақы берді.

Сонымен қатар жыл сайынғы дәстүрге сәйкес барлық стденттер арасынан «Үздік бітіруші түлек» байқауы өтіп, женімпаз Қожабай Маржанға 1 мың АҚШ долары табысталды.

Маржан Қожабай, бітіруші түлек: «Мен үздік студент атануды армандайтынмын. Сол арманыма жеттім. Колледждегі ұстаздарға мың алғыс. Біз қолымызға диплом алып қана қойған жоқпыз, жұмыспен да қамтылдық. Мұндай мүмкіндік екінің біріне бұйыра бермейді».

131 бітіруші студенттер арасында 80 студент «Alageum electric» компаниясының құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеуге ниет білдіріп отыр. Тағы 50 студент жоғарғы оқу орнына түсуге бел байлапты. Ал бүгінгі танда 25 студент зауытта жұмыс істеп, нәпақасын тауып отыр. Дуальды оқыту жүйесін жолға қойған колледж өзгерлерге үлгі. Ашылғанына аз уақыт болса да саналы студент даярлап, ең бастысы, зауытқа қажетті маман тапшылығымен күресіп отыр.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР