Комиссия Сарыағаштағы мектеп құрылысынан кемшіліктер тапты

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында партиялық бақылау комиссиясының алғашқы отырысы өтті. Күн тәрібінде Сарыағаш, Арыс қалаларында салынып жатқан әлеуметтік нысандардың жайы сөз болды. Жиналғандар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарда бюджет қаржысының игерілуі, құрылыс барысы мен сапасы, Арыс қаласы тұрғындарының ауыз суға қатысты арызының тексеру қорытындысы талқыланды. Кемшіліктерге жол берген жауаптыларға шара көрілетін болып шешілді.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданы бойынша 6 нысан құрылысы жоспарланған. Оның бесеуі — мектеп. Партиялық бақылау комиссиясы аптаның басында ауданға барып, осы нысандарды аралаған. Атамекен елдімекеніндегі 300 орынды орта мектептің құрылысында жіберілген кемшіліктер салдарынан нысан тамызда пайдалануға берілмеуі қауіпі бар екені осы жиында ашық айтылды.

Әбілқасым Досболов, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы: «Мектеп пен ауылдың арасы сазды. Балалар белшесінен лайға батып, оларды тасымалдау шешілмеген. Ең сорақысы — судың көлемі жетпейді ғой?»

Комиссия Сарыағаштағы мектеп құрылысынан кемшіліктер тапты

Ал Сарыағашта құрылысы былтыр басталған нысанның конкурстық құны — 1 млрд 149 млн теңге. Мамырда нысанда тексеру жүргізген жұмысшы топ құрылыстың өндірістік кестеден кешігіп жатқанын, сапасыз жүргізілген жұмыстың салдарынан 3 блок спортзал төбесінің монолиті опырылып қалғанын анықтаған.

Комисссия анықталған кемшіліктерді түзетуге уақыт берді. Шенеунік халық қалаулыларынан ескерту алды. Егер де жаңа оқу жылына мектеп тапсырылмаса, жауаптының қызметіне сәйкестігі қаралатын болады.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР