Комиссия Сарыағаштағы мектеп құрылысынан кемшіліктер тапты

275
Комиссия Сарыағаштағы мектеп құрылысынан кемшіліктер тапты

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында партиялық бақылау комиссиясының алғашқы отырысы өтті. Күн тәрібінде Сарыағаш, Арыс қалаларында салынып жатқан әлеуметтік нысандардың жайы сөз болды. Жиналғандар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарда бюджет қаржысының игерілуі, құрылыс барысы мен сапасы, Арыс қаласы тұрғындарының ауыз суға қатысты арызының тексеру қорытындысы талқыланды. Кемшіліктерге жол берген жауаптыларға шара көрілетін болып шешілді.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданы бойынша 6 нысан құрылысы жоспарланған. Оның бесеуі – мектеп. Партиялық бақылау комиссиясы аптаның басында ауданға барып, осы нысандарды аралаған. Атамекен елдімекеніндегі 300 орынды орта мектептің құрылысында жіберілген кемшіліктер салдарынан нысан тамызда пайдалануға берілмеуі қауіпі бар екені осы жиында ашық айтылды.

Әбілқасым Досболов, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы: «Мектеп пен ауылдың арасы сазды. Балалар белшесінен лайға батып, оларды тасымалдау шешілмеген. Ең сорақысы – судың көлемі жетпейді ғой?»

Комиссия Сарыағаштағы мектеп құрылысынан кемшіліктер тапты

Ал Сарыағашта құрылысы былтыр басталған нысанның конкурстық құны – 1 млрд 149 млн теңге. Мамырда нысанда тексеру жүргізген жұмысшы топ құрылыстың өндірістік кестеден кешігіп жатқанын, сапасыз жүргізілген жұмыстың салдарынан 3 блок спортзал төбесінің монолиті опырылып қалғанын анықтаған.

Комисссия анықталған кемшіліктерді түзетуге уақыт берді. Шенеунік халық қалаулыларынан ескерту алды. Егер де жаңа оқу жылына мектеп тапсырылмаса, жауаптының қызметіне сәйкестігі қаралатын болады.