//
Жаңалықтар 

Мақта зиянкестеріне алаңдауға негіз жоқ

Мақта зиянкестеріне алаңдауға негіз жоқ. Облыс әкімдігі тарапынан ауыл шаруашылығы жеріне жапа келтіретін зинкестермен қарсы күрес шаралары бекітіліп, жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Ал шілдеден бастап мақталы аудандарында көсек құртының көзі жойылады. Яғни, егін алқаптарын өңдеу шарасы басталғалы тұр.

мақталы алқап

Облыс мәслихатының 3-сессиясында көтерілген бұл мәселе облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың Мақтаарал ауданына барып келуіне себеп болыпты. Ол зиянкестен қаншалықты қауіп туып тұрғанына өзі көз жеткізіп қайтқан.

Облыс әкімінің орынбасары - Сапарбек Тұяқбаев

Шенеуніктің мәлімдеуінше, былтыр 36 мың гектар жер қайта өңделсе, биыл бұл көрсеткіш екі есе артып, 56 мың гектар жеткізілген. Ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлік мекемеге қарасты ғылыми-кеңес орталығын ашуға қаржы бөлініп, бұл бағытта да жұмыстар атқарылуда. Орталық шаруаларға кәсібін агроталаптарға сәйкес жүргізуге көмектеспек.

Зиянкестерге қарсы күрес өсімдіктерді қорғау жөнінде былтыр қабылданған бағдарлама бойынша жүзеге асады. Гектарлық субсидия қайта бөлінетін болса, шаруа зиянкестерге қарсы препараттарды өз қаржысына сатып алады.

Жауаптылар осы жүйені қалыпқа келтіру үшін жұмыс жасап жатыр. Сонда шығынға бататын шаруаның қатары азайып, өнімділік екі есе артады деп отыр.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz