Мемлекеттік баспанаға құжат жинаңыз

315
Қолжетімді баспананы үлестіру 2020 жылға дейін созылады

Бүгіннен бастап мемлекеттен баспана алуға құжат жинау басталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігі хабарлайды.

Қолжетімді баспана2016 жылдың 11-22 шілдесі аралығында «Қазақстан ипотекалық компаниясы» бағыты бойынша Асар шағынауданында соғылған үйлерден тапсырылатын 900 пәтерге өтініш қабылданады. Өтініштердің «Е-gov» порталына тіркелуін әрі жеке кілті арқылы әрбір қатысушы өзі қамтамасыз етеді.

Осыған дейін КИК бағыты бойынша құжаттарын тапсырған, бірақ үй ала алмаған азаматтар қайтадан өтініштер мен құжаттарын «Е-gov» порталы арқылы тапсыруы қажет. Өтініштер мен құжаттардың электронды түрде тапсырылуы бойынша кеңес халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы «Е-gov» пунктерінде және Шымкент қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінде беріледі. «ҚИК» бағыты бойынша қатысу үшін баспанаға мұқтаж азаматтар жергілікті атқарушы органда кезекте тұруы тиіс.