Мыңға жуық отбасыға қайырымдылық жасалды

203
Мыңға жуық отбасыға қайырымдылық жасалды

Қасиетті Рамазан айының соңғы күнінде Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ОҚО бойынша өкілдігі облыстық орталық мешіт пен 3 жылдан бері мұқтаж жандарға қол ұшын созып келе жатқан облыстық «Зекет» қорының ұйытқы болуымен қаламыздағы 980 отбасыға қайырымдылық көрсетті.

Мыңға жуық отбасыға қайырымдылық жасалды

Мұқтаж отбасыларға пітір садақалардан жиылған ақшаға азық-түлік ұн, май, күріш, қант, шай, және тағы басқа заттар берілді. Қандай да бір жағдайдаларға тап болса да жүздерінен жадыраған нұр үзілмейтін мерейлі жандар мешітке шынайы алғысын айтып тарқасты.

Мыңға жуық отбасыға қайырымдылық жасалды

Сондай-ақ, көмек сұраған адамға қайырымдылық қолын созып, жағдайы төмен отбасылардың қажеттілігіне бей-жай қарамайтын облыстық мешіт бұл бағыттағы жұмысын  әр аудандарда да жалғастыратын болады.