Нұрлан Байғұт: «Облыстағы жолда жүру 1 шақырымға 4 теңге болуы тиіс»

нурланБиыл күрделі жөндеуден өткен облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 150 шақырымы пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек өңірде 200-ге жуық нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оған бюджеттен 24 млрд теңге бөлінген.

Бұл туралы тәуелсіздік алған жылдары салада атқарылған жұмыстарды қорытқан облыстық жолаушылар және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт мәлімдеді. Тындырылған тірліктір талқыланған жиында Шымкенттегі түйтілді қоғамдық көліктің жайы да ортаға салынды.

Өңірде 2000 жылдардан бастап облыста жол құрылысы қарқын ала бастады. Тоқырау жылдары мемлекет қаржысы тек нысандарды күтіп ұстауға ғана жететін. Ол тұста автомобиль жолдарын салуға және қайта жаңартуға бір тиын да бөлінбеген дейді ширек ғасыр ішінде салада атқарылған шаруаларды шолып шыққан басқарма басшысы.

Айтуынша, облыстағы автомобилі жолдарының бүгінде 62 пайызы қанағатты жағдайда. Өңірде апатты жағдайдағы көпірлер саны да азайып келеді. Жыл сайын жарамсыз деп танылған бірнеше нысанға күрделі жөндеу жүргізіледі. Қазір облыста мамандар апатты деп таныған 16 көпір де қайта қалпына келтірілуде. Бұл мақсатқа да биыл қосымша қаражат қаралып отыр.

Осы тұста облыста жолаушылар тасымалдау саласы әлі де жүйесіз. Облыс орталығындағы сапасыз қызметті алға тартқан әріптестеріміз сала басшысын сауалдың астына алды. Тозығы жеткен көліктер мен кешкі мезгілде төбе көрсетпейтін автобустардың жайына жауаптылардың назарын аударғысы келген БАҚ өкілдері жолақысы қымбаттаса да қызмет сапасының бері қарамайтынын айтып сынады.

Баға демекші, бүгінде облыс ішіндегі, ауданаралық бағыттағы қоғамдық көліктердің қызмет құны да ретсіз. Осынау жәйтті айтып арнамызға жиі қоңырау шалатын тұрғындардың сөзіне сенсек, мереке күндері жолақысы тіпті шарықтап кетеді.

Алайда, сала басшысы бағаны көтеретін заңсыз тасымалдағы көліктер дейді. Айтуынша, 4 жылдан бері қолданыстағы тариф бойынша облыс ішінде 1 шақырым жолда жүру бағасы 3 теңге 70 тиын болуы тиіс. Басқарма басшысы алдағы уақытта баға тұрақсыздығына жол беретін заңсыз тасымалды түбегейлі жоямыз деп уәде етті.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР