ОҚО-да 84 түлек тегін оқиды

Оңтүстікте жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 84 мектеп бітірушісі жоғарғы оқу орындарында тегін оқиды. Жастарға ақысыз оқуға мүмкіндік беретін облыс әкімінің білім грантты табысталды. Түлектерге жолдамаларды табыстаған облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков игі бастамаға қолдау көрсеткен 12 жоғарғы оқу орнының басшыларын облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

ОҚО-да 84 түлек облыс әкімінің грантына ие болды

— Биылғы түлектердің мектеп бітіру уақыты тәуелсіздіктің 25 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Демек, биыл еліміз үшін де, біздің түлектер үшін де маңызды әрі сәтті болады деген ойдамын, — деді Ұласбек Сәдібеков. — Сіздер Елбасы армандаған мәңгілік болашақтың бүгінгі жас құрылысшылары екендеріңізді еш уақытта естен шығармаңыздар. Себебі, Елбасымыз жастардың білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуын үнемі айтып отырады. Білім арқылы сіздер еліміздің үлгілі азаматы болады деп сенемін.

ОҚО-да 84 түлек облыс әкімінің грантына ие болды

Сонымен, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты мен халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінен 15 орыннан 30 орын бөлінсе, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті 10 білім грантын тағайындаған.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен «Сырдария» университеті 8 гранттан 16 орын дайындаса, аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті — 6 грант, Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті мен «Мирас» университеті және Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінен 5 орыннан 15 білім гранты табысталды. Ал «Шымкент» университеті мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы 3 орыннан 6 білім грантын бөлсе, М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-да 2 түлек тегін оқитын болады.

ОҚО-да 84 түлек облыс әкімінің грантына ие болды

Айта кету керек, 2015-2016 оқу жылында облыста жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 199 бала (28-і балалар үйлері түлектері) 11 сыныпты бітірді. Олардың 84-і облыстағы жоғарғы оқу орындарына, 100-і колледждерде, 6-ы республиканың басқа өңірлерінде білім алуға, 9-ы жұмыс істеуге ниет білдірді. Жоғарғы оқу орындарында оқуға ниет білдірген 128 түлектің 90-ы ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде 50 балдан жоғары жинады.

ОҚО-да 84 түлек облыс әкімінің грантына ие болды

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР