ОҚО-да ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау науқаны басталды

Ботагөз Жұмабаева өңірдегі ірі ауыл шаруашылығы кешендерінің бірінде терімші болып жұмыс істейді. 10 жылдан бері осы шаруадан нәпақасын айырып отырған ол күн сайын 500 келіге дейін жүзім жинайды. Аптап ыстықта алқапта қызу еңбек етіп жүрген жұмысшы терімшілік ептілік пен ыждахаттылықты қажет етеді дейді.

Облыста 10-нан аса ауыл шаруашылығын қаржыландыру көздері бар

Облыста ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау науқаны басталды. Дихандар 350 мың тонна көкөніс, 240 мың тонна бақша өнімдерін жинаған. Осыған дейін жиналған жалпы өнім көлемі 600 мың тоннадан асады. Тауарлар облыс нарығы мен солтүстік өңіріне тасымалданып жатыр.

Алайда саладағылар маман жетіспеушілігін жоққа шығармайды. Биро Қарабұлт — түркиялық агроном. Жергілікті кәсіпкердің аттай қалап әкелген маманы қазір жастарды үйретіп жатыр. Алма өсірудің хас шебері оны күтіп-баптауды үйретуде. Айтуынша алма көшетінің бабы келіссе 50 жылға дейін өнім береді. Бұл аралықта бір түптен 30-40 келгіе дейін өінім алуға болады.

Ал Мақтааралда қауын жинау науканы қыз-қыз қайнап жатыр. Биыл 23 мың гектарға бақша өнімдерін еккен мырзашөлдік дихандар биыл қауынның алқабын кеңейттік дейді. 17 мың гектарға өнім еккен шаруалар сырт мемлекеттерге осыған дейін 54 мың тонна тауар экспорттапты. Мамандар қазір жиенбай, мырзашөлік валет сұрыптары сұраныста дейді. Маусым аяқталғанға дейін 84 мың тоннаның өнімін шекара асыруды жоспарлап отыр.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР