ОҚО-да автобус пен жеңіл көлік соғысып, жүргізуші мерт болды

ОҚО-да автобус пен жеңіл көлік соғысып, жүргізуші мерт болдыОҚО-да жеңіл автокөлік пен автобустың соқтығысуы салдарынан 38 жастағы жүргізуші қаза тапты. Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2016 жылдың 17 шілдесі күні сағат 03:15 шамасында Түлкібас аудандық ішкі істер бөліміне Алматы-Ташкент-Термез тасжолының бойында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға болған жерге жеткен полиция қызметкерлерінің анықтағаны, Алматы-Ташкент- Термез тас жолының 646-шақырымында, Састөбе ауылындағы жанар-жағармай құю бекетінің бірінің жанында Шымкентке бет алған Мерседес бенц жолаушылар автобусы мен Фольцваген Пассат жеңіл көлігі соқтығысқан.

Соның салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі, Тараз қаласы 38 жастағы тұрғыны ауыр жарақат алып, сол жерде мерт болды. Ал автобус жүргізушісі, Мақтаарал ауданының 28 жастағы тұрғыны дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілген. Қазір осы қайғылы жағдайға байланысты іс қозғалып, тексеру амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz
Журналисттің авторлық бағанасы

Тұрмысы жұпыны, қылмысы аз Ащысай ауылы…

TweetЖер асты байлығымен әлем назарында тұрған Қазақ елінің қазыналы өлкесі көп. Солардың бірі — Кентау қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан Ащысай ауылы. Кезінде бүкіл одақты полиметалл кенімен қамтамасыз еткен ауылдың бүгінгі жағдайы мүшкіл. Ауыл азаматтарының басым бөлігі бас сауғалап, өзге өңірлерге көшіп кеткен. Ал елде қалғандары екі қолға бір күрек таппай жүр. Ауыл шаруашылығын дамытуға […]

ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ҚАРАП ЖҮР